Бельгия Украина халқына гуманитарлық көмек ретінде 3 миллион еуро бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгия Украина халқына гуманитарлық көмек ретінде 3 миллион еуро бөлмек

28.02.2022

Бельгия Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 3 миллион еуро бөлді. Ел үкіметі соғыстан қашқан босқындарды қабылдауға да дайын екендерін мәлімдеді. Әзірге, корольдікке украиналық мигранттар жете қойған жоқ. Дегенмен азаматтық қоғам өкілдері Польша, Венгрия шекарасына келген босқындарға жылу жинауды бастады. Брюссельдің орталығында «Украинаға көмек» деген жазуы бар бірнеше микроавтобус тұр. Көлікті көрген қарапайым тұрғындар азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек әкеліп жатыр.

Хавиер Мендес, Испания азаматы:

WhatsApp -та әріптестерімнен Украинаға көмек жинап жатыр дегенді естіп, жолай дүкенге соғып, 5-6 қорап азық-түлік ала келдім. Соғыс болмасын, әлемде тек бейбітшілік болсын деп тілеймін.

Илья Розенбаум, Брюссель қаласының тұрғыны:

Осы жиналған көмекті Украинаның Польшамен шекарасына жеткізу үшін түнде жолға шығамын. Халықтың кең пейіліне риза болып тұрмын. Санаулы сағаттың ішінде босқындарға қажетті затпен автобусты толтырды. Бұл бастаманы әрі қарай да жалғастырамыз.  

Н.Қасым



Хабарламаларға жазылу