Атырау облысындағы екі ауданның орталығын қар суы басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы екі ауданның орталығын қар суы басты

28.02.2022

Атырау облысындағы Қызылқоға және Индер ауданының орталығын қар суы басты. Айналасы 4 күннің ішінде Миялы елдімекенінен 750 текше метр, ал Жарсуат ауылынан 2000 текше метрге жуық, сондай-ақ Индерден 500 тоннадай су сорылды.

Қазір мамандар әкімдікпен бірігіп, күн-түн демей ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Жауаптылар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға зиян келмегенін айтады. Жергілікті билік өңір аумағында ахуал тұрақты, елдімекендерді су басу қаупі жоқ деп отыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу