БҚО-да үш ауданның елді мекендерін су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да үш ауданның елді мекендерін су басуы мүмкін

06.04.2021

Батыс Қазақстанда үш ауданның елді мекендерін су басу қаупі бар. Облыстық штаб өкілдері қауіпті аумақтарды әуеден бақылап көрді. қазір тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді. Дегенмен, өзен-көлдерде мұз әлі қозғала қойған жоқ. қар суы біртіндеп кетіп жатыр.

Ғали Есқалиев, облыс әкімі:
Былтырғымен салыстырғанда, биылғы қыстың қары жақсы жауды. Әрине, бұл ауыл шаруашылығы үшін жақсы. Жер ылғалы - ел ырысы. Бірақ Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау аудандарындағы кейбір елді мекендерде су басу қаупі бар.

Көктемді су тасқынын болдырмау үшін Шығыс Қазақстанға көрші аймақтан көмек келді. Қарағанды облысындағы әскери бөлімнен жеткен 50 адам жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су өткізетін құбырлар мен арықтарды тазалап жатыр. Мамандардың айтуынша, бүгінде жазық жерлердегі қар еріп, өзендерде сең жүре бастады.  Аймақта гидрологиялық жағдай тұрақты.

Ардақ Мұратқызы




Хабарламаларға жазылу