Павлодарда көлік Ертіс өзеніне батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда көлік Ертіс өзеніне батып кетті

28.02.2022

Павлодарда «Нива» көлігі Ертіс өзеніне батып кетті. Оқиға Усолка шағынауданында болған. Іңір түскен уақытты пайдаланып көлік иесі мұз үстінде жүйткімек болады. Бірақ жағалаудан ұзамай жылымға түсіп кеткен. Құтқарушылар дереу жетіп көлікті алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Сабыржан Тастембеков, қалалық ТЖБ аға офицері:

Усолкадағы өзеннің сағасы аса терең емес. Сондықтан көлік тұтастай батпаған. Ортасына қарай барып, мұз ойылса, көлік те, іштегі адамдар да шыға алмай қалатын еді.


Хабарламаларға жазылу