Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Олар екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуалды талқылады. Әңгімеге Франция тарапы бастамашы болды әрі қос президент байланысты үзбей, тұрақты түрде хабарласып тұруға келісті.
Сондай-ақ кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен де телефон арқылы сөйлесті.