Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды қабылдады. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылып, Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастардың даму перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Биыл біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанына 30 жыл. Бұл – өте маңызды дата. Екі ел арасында жоғары деңгейлердегі ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді.
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:
Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз.