Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді қабылдады

05.11.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту маңызды екенін айтты.

Сондай-ақ Президент Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы, халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады. Кездесуде Австриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу