«ТҮРКІСОЙ» ұйымы жетісулықтарға 2000 кітап тарту етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ТҮРКІСОЙ» ұйымы жетісулықтарға 2000 кітап тарту етті

25.02.2022

Алматы облысында өтіп жатқан «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына «Түркісой» ұйымы да үлесін қосты. Түркітілдес халықтардың басын біріктірген шаңырақ жетісулық оқырмандарға 2000 кітап тарту етті. Оған халықаралық ұйымның соңғы 15 жылда басып шығарған қазақ ұлт зиялыларының еңбектері, ақын жазушылардың бірнеше тілге аударылған шығармалары және түркі тілдес халықтардың басқа да туындылары еніп отыр. Түркісой ұйымы өткен жылдың соңында Анкарадан 10 тонна кітап тиелген жүк көлігін Қазақстанға жөнелткен еді. Қазір сол әдебиеттер еліміздің барлық өңіріне таратылып жатыр.

Дүйсен Қасейінов, «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы:

Біздің үлкен тұлғаларымызды түрік дүниясы білмейді деп айтуға болмайды. Оларды түрік дүниясының ғалымдары біледі. Түрік дүниесінің интеллектуалдары біледі. Біздің мақсатымыз жалпы халыққа біздің үлкен тұлғаларымызды халыққа таныту.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу