Алматы облысында екі бөлім басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында екі бөлім басшысы парамен ұсталды

25.02.2022

Алматы облысында екі мемлекеттік қызметкер пара алу үстінде ұсталды. Олардың бірі Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы. Лауазымды тұлға кәсіпкерден ғимараттың нысаналы мақсатын өзгерту туралы құжатқа қол қойғаны үшін 3 млн теңге алған. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті, Кеген ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысын ұстады. Мемлекеттік қызметкер орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 млн теңге пара алған.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу