Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті

25.02.2022

Петропавл қалалық мәдениет үйіндегі концерт залының төбесі опырылып түсті. Жапа шеккендер жоқ. Бүлінген аудан шамамен 500 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың апатты жағдайда тұрғанын 5 ай бұрын хабарлаған болатынбыз. Сол кезде қалалық әкімдік өкілдері жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржы бөлінгеннен кейін нысан жөнделетінін айтқан еді. Алайда ешқандай жұмыс атқарылмаған. Мәдениет үйінің ғимараты 90 жыл бұрын салынған. 2012 жылы бастан-аяқ жөнделген. Бірақ концерт залының төбесі ауыстырылмаған. Бұл жерде шығармашылық ұжымдармен қатар оқушыларға арналған 25 үйірме жұмыс істеп келген еді. Қазір 500-ден аса бала қаладағы басқа орталықтарға барып жүр.

Элмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу