Шараға Қазақстаннан бөлек, Армения, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысады. Сондай-ақ, Молдова, Өзбекстан және Куба бақылаушы елдер ретінде келеді деп жоспарланған. Отырыс шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдай, тұрақты экономикалық дамуды қамту мәселелері талқыланады.