Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

24.02.2022

Боран, тұман, көктайғақ. Қазгидромет алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр. Мәселен Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын ақтүтек боран болады. Ал Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Сондықтан синоптиктер тұрғындарды барынша сақ болуға шақырды.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу