Алматыда жол-көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жол-көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші анықталды

23.02.2022

Желіде тараған мына таспада нөмірі шешілген автокөліктің жол ережесін бұзып, Саин көшесімен артқа қарай жүріп бара жатқанын көруге болады. Автордың сөзінше, заң бұзушы мұндай әрекетімен басқа да азаматтардың өміріне қауіп төндірген. Ал, қалалық Полиция департаменті бұзақылар міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылады деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Олардың аты-жөндері белгілі болды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, мұндай қылықтарға жол берілмеуі тиіс. Әсіресе ауқымды мегаполистің төңірегінде.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу