Елордада төрт көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада төрт көлік соқтығысты

23.02.2022

Елордада бірнеше көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасына бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен жүргізуші себепкер болған. Салдарынан 4 көлікке зақым келген. Екі адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Тағы екі адам медициналық көмекке жүгінген. Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу