Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

23.02.2022

Түркістан облысында індет жұқтырған науқастар саны соңғы екі аптада 87 пайызға кеміді. Осыған байланысты өңірде карантин талаптары едәуір жеңілдетіліп, бірқатар шектеулер алынып тасталды. Жаңадан шыққан қаулыға сәйкес, ковидке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандарда ауру белгілері байқалмаса оқшауланбайды. Олардың «ASHYQ» қосымшасында көрсетілетін «сары» белгісі де жойылды. Сонымен қатар «Pfizer» вакцинасын мүгедектер мен 50 жастан асқан азаматтар да қабылдауға мүмкіндік алды. Білім беру ұйымдарында науқастар саны 30 пайыздан аспаса, ол сынып та карантинге жіберілмейді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу