Бірақ, қазақстандық балеринаның Бордо сахнасында бұл алғаш шығуы емес. Бұған дейін, ол «Ромео мен Джульетта» қойылымында өнер көрсетіп, «кәрі құрлықтың» талғампаз көрермендерін тәнті еткен болатын.
«Бордо» театрының директоры Шарль Жюд болса, Мәдинаның шебер техникасын ерекше бағалап отыр. Ал қойылымға тыңғылықты дайындалып жатқан балерина Еуропаның балет мектебінен баға жетпес тәжірбие жинап жатқанын айтады.
Мәдина Бесбаева, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртісі:
Әрине, біраз қобалжу бар. Біріншіден, өз театрымда емеспін. Екіншіден, мен Қазақстан атынан шығып жатырмын. Мақсат – «Астана Опера» театрының мерейін асқақтату. Жерлестерімді жерге қаратпаймын деп сендіремін.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ