«Қайрат» - «Бордоны» 2:1 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» - «Бордоны» 2:1 есебімен ұтты

27.08.2015
«Қайрат» - «Бордоны» 2:1 есебімен ұтты

Матчтың 1-ші минутында «Бордоның» қорғаушысы Седрик Ямбере өз қақпасына гол соғып алды. Осыдан кейін 2-ші таймда «Қайрат» ойыншысы Исламбек Қуат есепті еселеп, 2:0-ге жеткізді. Алайда ойынның 76-шы минутында қонақтар сапынан Кривелли гол соғып кетті.

Осылайша, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне франциялық «Бордо» өтті.

Айта кетейік, Францияда өткен алғашқы кездесуде «Бордо» «Қайратты» 1:0 есебімен ұтқан еді.   

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Бордо» (Бордо, Франция) 2:1 (1:0)

Алғашқы матч: 0:1

Голдар: Ямбере автогол 1 (1:0), Қуат 66 (2:0), Кривелли 76 (2:1)

Ескертулер: Тимощук 38 — Траоре 21, Хазри 39, Кривелли 85

«Қайрат»: Плотников, Бруно Соарес, Маркович, Қуантаев (Көкеев 87), Қуат, Бақаев, Исламхан (Деспотович 83), Исаэл, Тимощук, Гоу, Риера

«Бордо»: Прьор, Паллуа, Ямбере, Жильбер, Пундже, Траоре (Морис-Беле 69), Поко, Хазри, Ролан (Кривелли 69), Севе, Кизе-Телин

Бас төреші: Бас Нейхейс (Нидерланд)

27 тамыз. Алматы. Орталық стадион.

Хабарламаларға жазылу