Буркина-Фасоның оңтүстік-батысындағы заңсыз алтын шахтасында жойқын жарылыс болды. Апаттан 60 адам қаза тауып, ондағаны жараланған. Елдің Пони провинциясында болған жарылыстың себебі әзірге белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетсек, Буркина-Фасо кеніштерінде апаттар жиі болады. Қауіпті заңсыз шахталарда жұмыс істеуге балалар да тартылады екен.
Арай Төлегенқызы