Еуропалық Одақ Украинаға 1,2 млрд еуро бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Украинаға 1,2 млрд еуро бөлмек

22.02.2022

Еуро Одақ Украинаға қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл елге 1,2 млрд еуро бір жылға қарыз ретінде беріледі. Еуропалық кеңес өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қаржының алғашқы бөлігі жақын күндері аударылады. Несиенің басым бөлігі Украинаның сыртқы қарызы бойынша пайыздық үстемені өтеуге жұмсалмақ. Геосаяси ахуалдың ушығуы елдің халықаралық қаржы нарығына шығуына қолбайлау болып тұр. Ішкі тұрақтылыққа төнген қауіптің кесірінен капиталдың сыртқа кетуі жиілеген. Елдің экономикасына, қаржы жүйесіне кері әсер еткен геосаяси дағдарысты Еуро Одаққа мүше елдердің басшылары бүгін Брюссельде өтетін саммит барысында талқылайды.


Хабарламаларға жазылу