Жамбыл облысында ұзындығы 2,5 метр болатын снаряд табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында ұзындығы 2,5 метр болатын снаряд табылды

22.02.2022

Жамбыл облысында 2,5 метрлік снаряд табылды. Оны Байзақ ауданының тұрғыны байқап, полицияға хабар берген.  Құмды аумақтан табылған күдікті зат туралы хабарламадан кейін полицейлер оқиға орнына келіп, авияциялық снарядқа ұқсас затты анықтаған. Саперлердің тексерісінен кейін мәлім болғандай жарылғыш зат 1962 жылы шығарылған. Салмағы 500 келі болатын әскери әуе күштеріне тиесілі снаряд жарылмай қалып кеткен болып шықты. Ол кез-келген сәтте жарылып, айналасындағы 200 метрдей аумаққа зиян келтіруі мүмкін екен. Арнайы қызметкерлер жарылғыш затты қауіпсіз полигонға алып кетті. Табылған әскери қару туралы полицияға хабарлған ер адам марапатқа ұсынылды.

Гүлсара Мұқтарқұлова , Облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Бомбаны одан әрі заласыздандыру үшін, арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті. Полицияға әскери құрал туралы хабарлаған ер адам марапатқа ұсынылды.


Хабарламаларға жазылу