Алматы облысында жер телімін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жер телімін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

21.02.2022

Алматы облысында жер телімін алып беремін деп 7 адамды сан соқтырған алаяқ ұсталды. Ол Жамбыл ауданы тұрғындарынан 7 млн теңгені қолды қылған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл ауданының полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ұзынағаш ауылының 34 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол «Қайназар ауылынан жеке тұрғын үй құрылысына 10 сотық жер алып беремін» деп, өз жерлестерін алдап қаржыны иемденген. 7 азамат күдіктінің үстінен шағымдан соң ол өз кінәсін толық мойындап отыр.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу