Таразда тұрғындарды «қант әперемін» деп алдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда тұрғындарды «қант әперемін» деп алдаған

02.08.2022

Қант сатқыш алаяқтардың наны жүріп тұр қазір. Таразда қант әперемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды. Ол тауарды арзан бағада жеткізіп беремін деп адамдардың сеніміне кірген.

Алданып қалған бірнеше тұрғын полицияға арызданған. Бейтаныс азаматша төмен бағада қант тауып беремін деп сенімге кіру арқылы қаржыларын иеленіп келген. Шығын көлемі 2 миллион теңгеден асады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазір күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде.


Хабарламаларға жазылу