Бразилияның Петрополис қаласында алапат су тасқыны мен лай көшкіні кезінде жоғалып кеткен тұрғындарды іздеу операциялары жалғасып жатыр.
BBC -дің хабарлауынша, бес күн бұрынғы апат кезінде 120-дан астам адам іс-түзсіз кеткен. Ал, қаза тапқандар саны 171-ге жетті. Құрбандардың 27-сі - балалар мен жасөспірімдер. Іздеу-құтқару жұмыстарына арнайы дайындықтан өткен иттер де тартылып отыр. Бүгінге дейін батпақ пен үйінділер астынан 300-дей машина шығарылды. Ал, қыратқа жақын орналасқан кварталдардың бірінде 80 шақты үйді лай басып қалған. Көміліп қалғандарды іздеуге қайта-қайта жауған жаңбыр кедергі жасап жатыр.
Арыстан Рысбек