Аңшылық дүкендерден ұрланған 266 қару тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аңшылық дүкендерден ұрланған 266 қару тәркіленді

21.02.2022

Ел аумағында атыс қаруын сақтау мен оны заңсыз алып жүруге қатысты профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Оның аясында 459 азамат құрықталып, 792 қару тәркіленді. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің өкілдері айтты. Қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкендерден тоналған қару-жарақ пен жарылғыш заттар әлі де іздестіріліп жатыр. Бүгінге дейін 266 дана қару табылған. Бірнеше суық қаруды өз еркімен тапсырғандар да бар. Бұл азаматтардың әрекетінде басқа қылмыс белгілері жоқ болса, олар жазадан босатылады дейді министрлік өкілдері.


Хабарламаларға жазылу