Пәтер жалдауға арналған субсидия: үйдің шекті шаршы метрі бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтер жалдауға арналған субсидия: үйдің шекті шаршы метрі бекітілді

18.02.2022

Мамырдан бастап әлеуметтік осал топтар үшін баспана жалдауға арналған субсидия беріледі. Мемлекет жалдау ақысының 50 процентін төлейді. Көмек алу үшін Отбасы банктің ресми сайтына кіріп, электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркелу қажет. Мемлекеттік қолдауды 6 айдағы табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 36 мың теңгеден аспайтын азаматтар алады. Жалға берілетін пәтердің шаршы метрі адам санына байланысты. Отбасында 1-3 адамға дейін болса, 40 шаршы метр, 4-5 адам тұрса, 60 шаршы метр, отбасының мүшесі 6 және оданда көп болса, 80 шаршы метрден аспауы шарт. 

Хабарламаларға жазылу