Алматыда «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 450 мың шаршы метрден астам пәтер пайдаланылуға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 450 мың шаршы метрден астам пәтер пайдаланылуға беріледі

04.02.2016
Алматыда «Өз үйім» бағдарламасы арқылы 450 мың шаршы метрден астам пәтер пайдаланылуға беріледі

Биылдан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасының баламасы «Өз үйім» жобасын іске қосты.

Тіптен, Алматы қаласының әкімдігімен тығыз байланыс орнатқан. Осы арқылы халықтың сұранысын жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Жоба мақсаты - салымшыларға басымдық береді. Демек пәтердің 1 шаршы метрі төмен бағада болады әрі валюталық бағамға тәуелсіз.

«2016 жылы 450 мың шаршы метрден астам тұрғын үй, пәтер тапсырылуы керек. Осы бағдарлама бойынша біздің клиенттер сол пәтерлерге ие болу керек»,- деді  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Алтынбеков.

«Өз үйім» бағдарламасы негізінде 2 жыл міндетті түрде тіркеуде тұрудың қажеті жоқ және баспананың 1 шаршы метрі 180 мың теңгеден аспауы тиіс.

Хабарламаларға жазылу