Аргентинаның Коррентес аймағының өрт сөндірушілері мен тұрғындары бірнеше аптадан бері ормандарды шарпыған тілсіз жаумен күрес жүргізіп жатыр. Соңғы мәліметке қарағана, 500 мың гектардай жасыл желек күлге айналған.
Жергілікті телеарналар хабарлағандай, өрттің 15 ошағы әлі сөндірілген жоқ. Және де мақта, темекі, күріш алқаптары, цитрустық жеміс ағаштары және жайылымдық жерлер жанып кеткен.
Айта кетсек, қазір Аргентина екінші рет ел-Нино маусымын бастан кешіріп жатыр. Бұл кезеңде елдің орталық аймағында жауын сиреп, қуаңшылық күшейеді.
Арыстан Рысбек