Қарағанды облысында есірткі жасырумен айналысқан 4 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында есірткі жасырумен айналысқан 4 күдікті ұсталды

18.02.2022

Қарағандылық полицейлер есірткі жасырған 4 адамның қылмысын әшкереледі. Ұсталғандар 17-28 жас аралығындағы жастар. Тінту кезінде олардан мефедрон және өзге де синтетикалық заттар тәркіленді. Бәрі есірткіге тәуелді. Олар күнделікті ақша табу үшін есірткі заттарын алып, оны жасырумен айналысқан.

Сатып алушыларға қай жерге тыққаны жөніндегі ақпаратты ұялы телефонмен жіберіп отырған. Барлық әрекетті ұялы телефондарындағы фото және SMS айғақтармен дәлелденді. Енді олар 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу