Президент азаптау фактілеріне қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент азаптау фактілеріне қатысты пікір білдірді

18.02.2022

Қаңтар оқиғасынан кейін жаппай қамауға алынғандар азапталмауы тиіс. Президент біздің арнаға берген сұхбатында ұсталғандардың құқығының қорғалуы мен оларға қатысты азаптау фактілері жайлы пікір білдірді. Айтуынша ұрып-соғу, арқаны үтікпен күйдіру деректері жайлы хабардар. Тіпті әлеуметтік желі арқылы бейнеүндеу жасап, көмек сұрағандарға да бей-жай қарамаймын деді Президент. Сол үшін Ішкі істер министрлігі мен Бас прократураға тиісті тапсырма берілгенін жеткізді.

«Енді «шаш ал десе, бас алатын» әрекеттер болмауы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Оның үстіне құрамына белгілі құқық қорғаушылар кіретін қоғамдық комиссия жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Олар әр істің заңдылығын қарап жатыр. Оларға сенімсіздік көрсетуге ешқандай себеп те, қақымыз да жоқ. Билік те, құқық қорғау органдары да олардың жұмысына араласпайды. Мен де араласпаймын. Әрбір құқық бұзушылық дерегі бойынша шаралар қабылданады. Мен үшін азаматтарымыздың құқығы маңызды. Әсіресе қазіргі таңда мен үшін ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип.


Хабарламаларға жазылу