Президент мәлімдемесіне қатысты сарапшылар пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мәлімдемесіне қатысты сарапшылар пікір білдірді

27.04.2020

Президент үндеуіне қатысты сарапшылар мен зиялы қауым өкілдері пікір білдіріп жатыр. Мемлекет басшысының мәлімдемесіндегі шаралар, қауіпті індетке қарсы тұрып, экономиканы жандандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан олар азаматтарды карантин талапарын орындап, сабырлық сақтауға шақырып отыр.

Экономист Бауыржан Ысқақ Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында әуе рейстерінің де 1 мамырдан ашылуы орынды екенін, өйткені екі үлкен мегаполисі халықтың көптігіне байланысты, екіншіден эпидемияға байланысты іс-қимылдарды оперативті түрде шешуге де мүмкіндік беретін жағдай екенін айтты.

Ал Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Жасұланбек Майлыбай, коронавирустың таралуы өте тез болғандықтан біз Мемлекет басшысы айтқандай, бұл жерде асығыстыққа жол бермей, карантин режиміне түсіністік танытып, бұл жағдайдан кешенді түрде байыппен сабрмен шығуымыз керектігін айтты.

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, әсіресе карантинде пәтерден далаға шыға алмай қалу деген әрине қиындық келтіретінін, бірақ, оған түсіністікпен қарау керектігін айтты.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу