Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, сабақ ретінде жас басшыларға қалдыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, сабақ ретінде жас басшыларға қалдыру қажет

17.02.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ойын ортаға салды.

«Әлеуметтік желіде Тұңғыш Президентіміз туралы әр түрлі ойлар айтылып, жазылып жатыр. Қанша адам болса, сонша пікір болады. Мен Мемлекет басшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдық еңбегін жоққа шығаруға болмайды деп ойлаймын. Тарихқа қиянат жасамау керек. Тұңғыш Президенттің кемшіліктері болса, оларды сабақ ретінде жас басшыларға қалдыру қажет. Сөзсіз, Қаңтар оқиғасы бәрімізге үлкен сабақ болды. Қазір елімізде болып жатқан саяси шешімдер соның нәтижесі. Алдымызда өте көп жұмыс бар. Мұны барлығы көріп, біліп отыр деп ойлаймын», -деді Президент.

Хабарламаларға жазылу