Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық арнаға берген сұхбатында шетелдік сарапшылардың айтқан болжамына қатысты түсініктеме берді.
«Бұл - Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы. Мүмкін ол рас та шығар. Өйткені олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады. Қалай десек те арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан шетелдік сарапшылар айтқан сондай пікірдің жаны бар. Дегенмен барлығын байыппен қарап, салмақты баға беру қажет. Бізге керегі асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес. Міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізуіміз қажет. Бұл менің алдымда тұрған мақсатым», - деді Мемлекет басшысы.