Канада жағалауында апатқа ұшыраған испаниялық қайықтан 12 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада жағалауында апатқа ұшыраған испаниялық қайықтан 12 адам жоғалып кетті

17.02.2022

Канада жағалауында апатқа ұшыраған испаниялық балықшылар қайығынан 12 адам жоғалып кеткен. Тағы үшеуі құтқарылып, тоғызы қаза тапты. Экипаж құрамына 16 испандық, бес перулік, үш ганалық кірді. Олар мінген траулер Ньюфондлэнд қаласынан 460 шақырым қашықтықта суға батып кетті.

Теңізде қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте апат болған ауданға ұшақтар пен тікұшақтар және құтқарушылар кемелері мен қайықтар жіберілген. Апаттың нақты себебі белгісіз. Жергілікті билік өкілдері құрдымға кеткен қайықты «заманауи» деп сипаттап, оның қатал ауа-райына төтеп бере алатынын мәлімдеп, болған оқиғаны «балық аулау флотымыз үшін соңғы 38 жылдағы ең ауыр трагедия» деп атады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу