«ЛУКОЙЛ» компаниясына қызмет көрсететін тікұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЛУКОЙЛ» компаниясына қызмет көрсететін тікұшақ апатқа ұшырады

10.05.2014
«ЛУКОЙЛ» компаниясына қызмет көрсететін тікұшақ апатқа ұшырады
Гана жағалауында «ЛУКОЙЛ»  компаниясына қызмет көрсететін тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды РБК.
 
Жергілікті әскерилердің мәліметтеріне қарағанда, бір адам тікұшақ суға құлағаннан кейін із-түсіз жоғалып кеткен. Оны іздестіруге әскери құтқару тобы жұмылдырылған.
 
Гана азаматтық авиация басқармасы  апат тікұшақ ұшқан сәтте бірден болғанын айтуда. Такоради қаласынан ұшқан тікұшақ «Юбилей»  мұнай кен орнына бет алған. Апат себебі әзірге белгісіз.
 

Хабарламаларға жазылу