Петропавлда тұңғыш рет науқастың жүрегіне биопротез қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда тұңғыш рет науқастың жүрегіне биопротез қойылды

17.02.2022

Петропавлда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған бірегей операция жасалды. 72 жастағы науқастың жүрегіне қара малдың жүрек қабынан жасалған аортоклапан қойылды. Бұған дейін елімізде синтетикалық протез пайдаланылып келген болатын. Ал биопротез ағзаға тез бітіп, адам қалыпты өмірге жылдам оралады. Мұндай кардиохирургиялық операция құны 6,5 млн теңгеге бағаланады. Бірыңғай медициналық сақтандыру жүйесі аясында науқастарға медициналық қызметтің бұл түрін тегін алуға мүмкіндік туып отыр.

Мақсат Құдратоллаев, облыстық Көпсалалы аурухана кардиология блогының жетекшісі:

Ол өзінің ішінен қан өткізеді, сондықтан бүкіл организмдегі қан айналымын тоқтатпайды, сол үшін бізге асықпай, клапанымызды керек позиициясына келтіріп, содан кейін ғана имплантация жасаймыз. Ол дегеніміз – өте комфортты жағдайда өтеді. Науқас бір жұмадан кейін үйіне шығып, бір жылдан кейін опреация жасалғаны туралы ұмытуға мүмкіншілігі болады.

Шетелден келген мамандар жергілікті дәрігерлерге тесу арқылы ота жасау тәсілін үйретті. Шеберлік сағаты 2 күн бойы жалғасады.

Кейт Дж Олройд, медицина ғылымдарының докторы, Еуропалық кардиологтар қоғамының мүшесі:

Бүгінгі ота сәтті өтті. Мамандардың дайындығы, кардиологиялық орталықтың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсы. Тек болашақта осындай оталар жасалатын болса, орталыққа компьютерлік томограф алу қажет. Бұл диагностикаға және клапан салғаннан кейін кейін науқастардың жағдайын бақылауда ұстау үшін керек. Өзім 5 жылда 500-ден астам жүрек қақпашасы имплантын қойдым.

Эльмира Каленова

Хабарламаларға жазылу