Депутат әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын сынға алды

17.02.2022

Өңірлердегі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар кәсіпкерлерді қолдау әлде тонау үшін құрылды ма? Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің орынбасарына осындай сұрақ қойды. Депутат Серік Ерубаев бұл ұйымдарды «Самрұқ Қазына» қорының аймақтардағы көлеңкесі деп атады.

Бизнес өкілдері СПК-ның жұмысына жиі шағымданатын жеткізді. Ал бұл корпорациялар кәсіпкерлерді қолдау үшін құрылған еді. Бірақ осы күнге дейін олардың бюджеттері қоғам үшін беймәлім және олардың есептері ешқандай мемлекеттік құжатпен реттелмеген. Жылдық шығындары да миллиарттармен есептеледі. Депутаттың айтуынша корпорациялар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмысқа да немқұрайлықпен қарайды. Ең қызығы, 10 жыл бұрын құрылған әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі әлі заңдық тұрғыда реттелмепті.

Серік Ерубаев, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты:

Үкімет Корпорация туралы заң жобасын 2008 жылы Парламентке енгізіп, Мәжілісте қызу талқылау басталғаннан кейін, кері қайтарып алған болатын, яғни СПК-ның қызметі бүгінге дейін заңмен реттелмеген. Сондықтан бұл корпорация бүгінгі күнде ешқандай ортақ ережесіз құрылым. Әрбір әкімдік оны өзінше қолдануда. Шын мәнінде бұл мекеме, делдалдың рөлін атқарады, олардың не жоба менеджерлері, не мемлекет өкілі, не кәсіпкерлер екені түсініксіз.


Хабарламаларға жазылу