«Petrosun» компаниясына қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Petrosun» компаниясына қылмыстық іс қозғалды

14.02.2022

«Petrosun» компаниясына қылмыстық іс қозғалды. Аталған компанияның сұйытылған мұнай газын сатуда шамамен нарықта 77 пайыз үлесі бар. Алайда, прокуратура мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін компания бұл ережені теріс пайдаланып, ай сайын автогаз бағасын көтеріп келген. Нәтижесінде көрсетілген кезеңдегі баға бір тонна тауар үшін 323,8 пайызға дейін өскен. Тергеу қылмыстық кодекстің 221-баптың 2-бөлігі монополистік қызметті теріс пайдалану ісі бойынша қозғалды. Сондай-ақ, Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді толық бақылауға алды. 

Хабарламаларға жазылу