«Nur Otan» партиясы алдағы жұмыс жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы алдағы жұмыс жоспарын бекітті

11.02.2022

«Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның өңірлік филиалдарымен кеңес өткізіп, алдағы жұмыс жоспарын белгіледі. «Nur Otan» ең алдымен қарапайым халықтың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, кәсіпорын жұмысшыларының мүддесін қорғауы керек. Әрі Jas Otan-ға ерекше міндет жүктеледі. Жастармен жұмысты жаңа форматта жүргізу қажет. Ауыл жастарына баса назар аударуды міндеттеймін деді Асхат Оралов. Келесі аптадан бастап Мәжіліс депутаттары халықпен кездесу үшін өңірлерді аралайды. Қабылдауға депутаттармен кездескісі келетіндердің бәрі де жазыла алады. Бастысы кездесулер ашық форматта өтуі тиіс.
 Асхат Оралов, «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы: 
Мемлекет басшысы өзекті мәселелерді айқындап, дағдарысты еңсеру мен жаңа Қазақстанды құру бойынша нақты міндеттер белгіледі. Қазіргі уақытта осы міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындау үшін партиялық ресурстардың барлығын жұмылдыру өте маңызды.

Хабарламаларға жазылу