Сарапшылар жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына өзгеріс енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына өзгеріс енгізуді ұсынды

09.02.2022

Ал сарапшылар жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Мәселен экономистердің айтуынша, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берілген адамның күн көріс деңгейіне шаққандағы ақшасын көбейту керек. Әзірге ол 38 мың теңге болып бекітілген. Сарапшылар қарыз алған азаматтың отбасы, кәмелет жасынан толмаған балалары болса, ескеріп, күн көріс деңгейіне шаққандағы табысты арттыру керегін айтады. Қаржыгерлер қауымдастығы өкілдерінің сөзінше, аталған заң қарызын мерзімінде төлеп жүргендерге кері әсер етпеуі керек.



Хабарламаларға жазылу