Ұлы Жібек жолы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы Жібек жолы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді

23.06.2014
Ұлы Жібек жолы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді
Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.
 
Мұндай шешім Катар астанасы Дохада өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комитетінің кезекті сессиясында қабылданды.
 
Еуразия құрлығындағы әйгілі керуен жолын әлемдік мұра қатарына қосу туралы өтінішті Қазақстан, Қытай және Қырғыз Республикасы бірлесе берген.
 
ЮНЕСКО тізіміне Ұлы Жібек жолы бойындағы 33 тарихи ескерткіш енді. Олардың 8-і еліміздің аумағында орналасқан.   
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу