Президент Нурдинжон Исмоиловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нурдинжон Исмоиловты қабылдады

09.02.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловты қабылдады. Өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жасаған мемлекеттік сапары қазақ-өзбек ынтымақтастығын дамыта түскенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз.

Өз кезегінде Нурдинжон Исмоилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

Нурдинжон Исмоилов, Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы:
Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгенін дұрыс атап өттіңіз. Мемлекеттер арасындағы көпсалалы келісімдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтиды.


Хабарламаларға жазылу