Президент Ерболат Досаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ерболат Досаевты қабылдады

10.09.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бас банкир мемлекет басшысына биылғы 8 айдағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы есеп берді. Пандемия салдарынан әлемдік экономикада да инфляциялық қатердің күшейе түскенін атап өтті. Сондай-ақ, Досаев Президентке Үкіметпен бірлесіп бекітілген инфляцияға қарсы шаралар мен оны жүзеге асыру бағыттары жайлы баяндады. Биылғы инфляцияның жаңартылған болжамдары туралы да мәлімет берді. 

Хабарламаларға жазылу