Елордада ірі көлемде синтетикалық есірткі өндіріп, саудалаған екі бойжеткен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ірі көлемде синтетикалық есірткі өндіріп, саудалаған екі бойжеткен ұсталды

09.02.2022

Елордада ірі көлемде синтетикалық есірткі өндіріп,оны саудалаған екі бойжеткен ұсталды. Олар «Family Village» коттедж қалашығындағы жер үйлердің бірінде есірткі өндірумен айналысып, көтерме бағамен сатқан. Қыздар тұратын жалдамалы үйді тексере келе, 2 келі синтетикалық есірткі, дәрі түрінде жасалған синтетикалық есірткінің 1218 (таблетка) данасы, химиялық қосынды прекурсордың 140 литрі және үй жағдайында түрлі есірткі әзірлеуге арналған құрылғылар табылды. Тәркіленген заттарға сот-химиялық талдау жүргізілді.

Ұсталған қыздар есірткі өндірумен бір жылдан бері айналысып келген. Зиянды өнімді телеграм мессенджері арқылы саудалаған. Тіпті жақын арада ғана 1,2 келі мефедронды қала сыртындағы екі жерде жасырғаны белгілі болды. Табылған жалпы есірткінің салмағы 4 келіге таяу.

Бойжеткеннің бірі - Ресей тумасы болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталғандарды тергеу жүріп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу