Колумбияда лай көшкінінен 15 адам қаза тауып, тағы 30-дан астам тұрғын жараланды. Елдің орталығында бұған дейін бірнеше күн бойы толассыз нөсер жауын жауған. Өзендер арнасынан тасып, бірнеше үйді сел шайды. Билік қауіпті аймақта қалған тұрғындарды эвакуациялады. Қазір бұл елді-мекендерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Арай Төлегенқызы