Колумбияда лай көшкінінен 33 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда лай көшкінінен 33 адам қаза тапты

06.12.2022

Колумбияның солтүстік-батысында лай көшкіні жүріп, жолаушылар автобусын басып қалған. 33 адам қаза тапты. 9 жолаушы аман-есен құтқарылған. Олар ауыр халде ауруханада емделіп жатыр. Лай көшкінінің жүруіне тоқтамай жауған нөсер жауын себеп болған. Колумбиялықтар әдеттен тыс жаңбырлы маусымды бастан өткеріп жатыр. Мұндай ауа-райына «Эль-Ниньо» құбылысы ықпал еткен. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу