Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы жер дауына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы жер дауына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми жауап берді

08.02.2022

Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы жер дауына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ресми жауап берді. Естеріңізде болса, екі өңірдің шекарасындағы бір жер теліміне екі қожайын иелік ететіні белгілі болған еді. Ведомство мәліметінше бұл дау Қазақ ССР кезінен басталған. Жағдайдың ұзақ жылдар бойы шешімін таппауы - екі жақ әкімдіктің тиісті шара қабылдамауынан дейді.

Дамир Аспан, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:   
Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне жер учаскелерінің орналасу шекараларын ескере отырып, даулы жер учаскесін тура жартыға бөлу және облыстық жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешімі қабылданған соң, Ұлттық экономика министрлігіне тіркеу туралы ұсыныс айттық. Егерде шешім шықса, шаруалар ары қарай жұмыстарын жалғастыра береді деген ойдамын.


Хабарламаларға жазылу