Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

07.02.2022

Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні Мәжіліс отырысында саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленетінін мәлімдеген еді. Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады.

Ал, Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтеді. Былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары талқыланады.


Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу