Елордада көктемгі су тасқыны қауіп-қатерінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы кешенді шаралар Алматы ауданында басталды. Аталған аумақта қар суынан зардап шегуі мүмкін деген 7 учаске бар. Қазір бұл жерлер кестеге сай қардан тазартылып жатыр. Кешенді жұмыстарды жүзеге асыру үшін ауданда арнайы штаб жасақталған. Бүгінгі таңда аудандағы 8 шақырымнан астам арықтың 3,5 шақырымы қардан тазартылды. Тиісті жұмыстарды қар еру маусымына дейін аяқтау жоспарланған.
Аслан Бисеғұлов, Алматы ауданы Өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы:
Әр ауысымда 40 данадан астам техника жұмыс жасап жатырмыз. Ауданның тұрғын алабтарының тұрғындарынан сұрайтынымыз: аулаларындағы, үйлердің төбесіндегі қарларды шығарып, су тасқынына сіз боп, біз боп атсалысуларын сұраймыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/152627/)