Талдықорғанда пештен шыққан улы газдан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда пештен шыққан улы газдан 4 адам қаза тапты

04.02.2022

Талдықорған қаласына қарасты Еңбек ауылында пештен шыққан улы газдан 4 адам қаза тапты. Сот сараптамасы тағайындалды. Құзырлы органдардың алдын-ала мәліметінше, жалдамалы үйден ерлі-зайыпты мен екі баланың денесі табылған.

Жалпы, Алматы облысында бір айдан астам уақыт ішінде 135 өрт оқиғасы болған. Тілсіз жаудан 7 адам көз жұмған. Сондай-ақ, газға уланудың 4 дерегі тіркеліп, 6 адам қаза болған. Басты себеп - пештердің тазаланбауы, ондағы ақау дейді мамандар. Қызметкерлер үй-үйді аралап, ескерту парақшаларын таратып, арнайы дабыл құрылғыларын орнатып жатқанымен, халықтың өз қауіпсіздігіне деген немқұрайлығы басым. 

Дәурен Азаматов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Бірақ пештің ішінде толық отын жанбаған. Пештің ішіндегі заттар жартысы жанбаған. Сондықтан біз себебін солай болжап отырмыз. Бірақ ыс тию мүмкін деп болжап отырмыз. Бірақ оны сот сараптамасы бере алады. 

Хабарламаларға жазылу