Қазақстандық спортшылардың киім үлгісі үздіктердің қатарына кірді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті хабарлады. Бейжіңдегі қысқы ойындарда ұлттық құраманың киіміндегі көк және ақ түстер мұз бен қарды, ал қара түс сәттілікті білдіреді. Сондай-ақ, Олимпиадалық комитет өз шолуында «Forbes» журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «Ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады. Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын.